Бұлтты құрылғылардың сипаттарын қарап шығу
Бұлтты құрылғының сипаттарын қарап шығу үшін:
- Консоль ағашындагі Құрылғыны табу → Cloud қалтасында өзіңізге қажетті дана орналасқан топқа сай келетін қалтаны таңдаңыз.
Өзіңізге қажетті виртуалды құрылғының қандай топта екенін білмесеңіз, іздеуді қолданыңыз:
- Басқарылатын құрылғылар → Cloud түйінінде тінтуірдің оң жақ түймесін басып, мәнмәтіндік мәзірден Іздеу тармағын таңдаңыз.
- Пайда болған терезеде іздеуді орындаңыз.
Енгізілген өлшемшарттарға сай келетін құрылғы бар болса, оның атауы мен ол туралы ақпарат терезенің астында көрсетілетін болады.
- Қажетті түйіннің атауында тінтуірдің оң жақ түймесін басыңыз. Мәнмәтіндік мәзірден Сипаттар тармағын таңдаңыз.
Пайда болған терезеде нысан сипаттары көрсетіледі.
Жүйе туралы ақпарат → Жалпы жүйе ақпараты бөлімінде бұлтты ортадағы құрылғыларға тән параметрлер бар:
- Құрылғы API арқылы табылды (AWS, Azure немесе Google Cloud; құрылғыны API құралдарының көмегімен табу мүмкін болмаса, Жоқ мәні көрсетіледі).
- Бұлтты аймақ.
- Cloud VPC (тек AWS және Google Cloud құрылғылары үшін ғана).
- Бұлтты қолжетімділік аймағы (тек AWS және Google Cloud құрылғылары үшін ғана).
- Бұлтты қосалқы желісі.
- Бұлтты орналастыру тобы (бұл құрылғы, дана орналастыру тобына тиесілі болса көрсетіледі; әйтпесе, сипат көрсетілмейді).
Осы ақпаратты CSV немесе TXT пішіміндегі файлға экспорттау үшін, Файлға экспорттау түймесін басыңыз.
Басына оралу